«Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығы еуропалық сапаға ие болды

КӨКШЕТАУ. Қарашаның 24/Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Еуропа бизнес ассамблеясы серіктестерінің ұсынысы бойынша «European Guality» халықаралық марапатына ие болды,деп тілшісі аталмыш орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталмыш халықаралық корпорация өзінің кезекті мәжілісінде осындай шешім қабылдаған. Балғындардың оқу-сауықтыру орталығы осылайша өзіндік бағасын алып отыр. Мұнда 5-9 сынып оқушылары жыл он екі ай бойы денсаулықтарын түзеп, білімдерін жалғастырып, таңдаған шығармашылық ұстанымын шыңдай алады. Жайлы жатар орын, концерт  және спорт залдары, жабық бассейн, жоғары интерактивті технология бойынша жарақталған кабинет-сыныптар, ғаламтор байланысы балалар игілігіне берілген. Мұнда еліміздің әр түкпірінен келген жеткіншектермен қатар, алыс және жақын шетел балғындарының тынығуына да мүмкіндік ескерілген. Ол ең алдымен ұлтаралық достықты, халықаралық байланысты нығайтуға игі септігін тигізіп келеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе