Бейжіңде «Абай оқулары» өтті

Бейжіңнің «Чаоян» орталық саябағындағы «Цзиньтай» музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Абай оқулары» өтті, деп .Мәдени шара танымал қытайлық мүсінші Юань Сикун жасаған Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Айта кетерлігі, бұл ескерткіш 2014 жылдың 19 мамырында Қытайдағы Қазақстан елшілігінің бастамасымен бой көтерген болатын.

«Абай оқуларын» Қытайдағы Тәжікстан елшісі Парвиз Давлатзода, Армения елшісі Сергей Манасарян, ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Сабыр Имандосов, «Цзиньтай» музейінің директоры Жо Хуа, дипломаттар, Қазақстан мен Қытай студенттері және қазақ диаспорасының өкілдері тыңдады.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде Қытайдағы Қазақстан елшісі Шахрат Нұрышев Абай Құнанбайұлының шығармашылығына тоқталып, оның қазақ философиясы мен әдеби тілінің қалыптасуына қосқан үлесін сөз етті.

«Соңғы жылдары Бейжіңдегі Абай ескерткіші алдында «Абай оқуларын» өткізу тамаша дәстүрге айналып отыр. Абай қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы әрі ойшылығы ғана емес, сонымен бірге ол Қазақстанның шетелдегі халықтық дипломатиялық нышаны десек те болады. Сондықтан да бүгінгі шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына арналды», - деді елші.

Шара барысында Қытайдағы Армения елшісі Сергей Манасарян да «Абай оқуларынан» алған әсерімен бөлісті.

«Бүгінгі шарадан зор әсер алдым. Біз сахнадан Абайдың шығармашылығы мен өз халқының тарихына жетік қазақстандық студенттерді көрдік. Бұл таңқаларлық жайт», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе