Қазақстанда ЖОО-ға түсудің «жеңіл жолы» болып келген колледждер жабылу үстінде

АСТАНА. 31  Жоғары оқу орнына түсудің «жеңіл жолы» ретінде жұмыс істеген бірқатар колледждер жабылуда.Бұл туралы бүгін Үкімет басшысы С. Ахметовтің қатысуымен өтіп жатқан Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті.

«Оқыту мазмұны жаңаруда, сондай-ақ оқуға түсушілерге қойылатын талаптар күшейтіліп отыр. Алғаш рет колледж түлектері үшін кешенді тестілеу енгізілді. Ол бірінші курс студенттерінің деңгейіне оң әсер етті. Нәтижесінде жоғары оқу орнына түсудің «жеңіл жолы» ретінде жұмыс істеген бірқатар колледждер жабылуда»,-деп атап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, кешенді тестілеу нәтижелері техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына жүйелі тексеріс жүргізу, ондағы мамандарды даярлаудың сапасын арттыру қажеттігін көрсетті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе