Ауыл мектептері мен қала мектептерінің арасындағы білім сапасын салыстыруға еш келмейді - Қ. Айтаханов

АСТАНА. 13 Ауыл мектептері мен қала мектептерінің арасындағы білім сапасын салыстыруға еш келмейді.  Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы» заңын талқылау барысында сенатор Қуаныш Айтаханов осылай мәлім етті.«Бүгінгі таңда материалдық-техникалық базасы жақсы дамыған қала мектептері мен қарапайым интернетке де қосыла алмай отырған ауыл мектептеріндегі білім беру сапасын салыстыруға еш келмейді. Нәтижесінде ауыл түлектері жоғары оқу орындарына түсу кезінде мемлекеттік грантты жеңіп алуда бәсекеге қабілетсіз болып, ақылы оқу орнына түсуге мәжбүр болуда. Ал тұрақты жұмысы жоқ, алдындағы малымен ғана күнін көріп отырған қарапайым ауыл қазағының баласын ақылы оқытуға қор жинауға қалтасы көтере бермейді», - дейді сенатор.

Оның айтуынша, бұл мектептік орта білімді ғана қанағат еткен білімсіз жастардың көбеюіне алып келуі мүмкін. Яғни, сенатордың сөзіне қарағанда, егер осылайша ауылда білімсіз жастар көбейе берсе, халқымыздың сапалық көрсеткіші де төмендей беруі мүмкін. Бұл - ел келешегі үшін қауіпті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе