Алматыда іскерлік экономикалық ойын өтеді

АЛМАТЫ. 21 Алматыда 22 қараша күні «Ақпараттық технологиялар паркі» еркін экономикалық аймағында колледж оқушылары арасында ІІ қалалық «Мен кәсіпкермін» іскерлік экономикалық ойыны өтеді.Алғаш рет бұл шара 2010 жылы Халықаралық бизнес академиясы колледжінің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған болатын. 2011 жылы қалалық деңгейде өткен тұңғыш сайысқа шаһардың 13 колледжі қатысқан еді. Биыл ол Ақпараттық технологиялар паркі тарапынан қолдау тауып отыр. Оған бұл жолы 12 колледждің оқушылары 17 бизнес-жоспарын ұсынбақ. Жалпы Іскерлік экономикалық ойындардың басты мақсаты жастардың әлеуетін ашып, қиялына ерік беру. Сондай-ақ республиканың экономикалық көкейкесті мәселелеріне оқушылар мен кәсіпкерлердің назарын аудару.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе