Өскеменде тұңғыш рет әкелер слеті өтті

Тұңғыш Президент күні қарсаңында Өскемендегі Халықаралық «Нұр Орда» мектебінде алғаш рет «Отбасы тәрбиесінде әкенің рөлі» атты облыстық әкелер слеті өтті, деп хабарлайды қалалық 1720.kz сайты. ШҚО Білім басқармасы, облыстық Әйелдер істері және жанұялық-демографиялық саясат комиссиясы мен «Status»әйелдер Федерациясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен слеттің басты мақсаты - ішімдік, нашақорлық, тұрмыстық зомбылық, суицидтық көңіл-күй, заңға қайшы құқықтар мен әрекеттерді, бейәлеуметтік ұйымдар мен секталарға кірудің алдын алып, отбасында әкенің тәрбиелік рөлін күшейту. 

Слеттің пленарлық бөлімінде отбасыны қолдау орталығының директоры Лилия Куземко «Баланы қалыптасуындағы мектеп пен ата-ана байланысының тәжірибесі» тақырыбында өз пікірін ортаға салды. Сондай-ақ, «Нұр Орда» халықаралық мектебінің директоры Шабан Жошкун «Әкелердің қатысуы және оның маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасады. Глубокое ауданы әкелер кеңесінің өкілі Андрей Леснов өз ауданындағы әкелер кеңесінің тәжірибесімен бөлісті. Ал слеттің тәжірибелік бөлімінде Шығыс Қазақстан облыстық әкелер кеңесі мүшелерінің арасында волейбол, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, шахмат ойындарынан спорттық турнир өтіп, аудандық және қалалық білім бөлімдері мамандарына арнайы шеберлік-сыныптар өткізді. Слет қорытындысында ұйымдастырушылар үлгілі әкелерді алғыс хаттармен марапаттады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе