Қызылордада қатты желден тағы бір мектептің шатыры ұшып кетті

Қызылорда облысында қатты желдің әсерінен тағы бір мектептің шатыры ұшып кетті, деп тілшісі.

Облыстық жұмылдыру басқармасының мәліметінше бұл оқиға Жаңақорған ауданына қарасты Қосүйеңкі ауылында орын алған. Ауылдағы №161 орта мектептің шатыры 150 шаршы метр аумақта бүлінген. Бұл жағдай кеше кешкісін орын алған. «Оқиға орнына мамандар арнайы техникамен барып көрді. Қайтыс болғандар және зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті ведомстводан. Соңғы екі күнде Қызылорда облысында қатты жел соғып тұр. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті 25 наурызда секундына 15-28 метрге дейін жел соғатынын хабарлады. Сондай-ақ, кеше Қызылорда қаласындағы университет ғимаратының шатыры ұшып кетті . Қатты желдің әсерінен Қызылорда облысында бір мектептің шатыры ұшып кетті. Электр бағанасы құлап, бірнеше ауыл жарықсыз қалды .
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе