Алматы облысында 353 млн.теңгеге қосалқы жаңа мектеп салынды

Алматы облысы Талғар ауданы Жаңалық ауылында осыған дейін үш ауысыммен оқытылып келген оқушылар төртінші тоқсаннан бастап, қосалқы жаңа мектепте білім ала бастады, деп хабарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Құрылыс жұмыстарын «Омар Болдинг» және «АНЕМ» ЖШС жүргізді. «Омар Болдинг» серіктестігінің басшысы Мамед Магамедов мектеп директоры Дина Жайсаңбаеваға мектеп кілтін табыстады.

Өткен жылдан бастап, жүргізілген қосалқы мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 353 млн. теңге бөлінді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе