Ұлттың зияткерлiк әлеуеті туралы кодекс қабылданса игі - Х. Валиев

АСТАНА. 15 Ұлттың зияткерлiк әлеуеті туралы кодекс қабылданса игі. Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Хусаин Валиев осылай мәлім етті.«Мемлекетіміздің өмiрінде ерекше орын алатын, заманауи бiлiм және ғылым менеджментіндегі үлгi болуға,  сонымен бiрге инновациялық серпіліске ең басты қатысушы болуға міндеттелген Назарбаев университет болып табылады. Назарбаев университетiнiң студенттер алдындағы өз дәрiсiнде Мемлекет басшысы: «Бiз бiлiм - ғылым - инновация үштігі билеген постиндустриялық әлемге жылжып келеміз» деп айтты. Осыған орай, аталған үштікті бiр құқықтық құжатқа бiрiктiру қисынды көрiнер едi. Аталмыш құжатты - «Ұлттың зияткерлiк әлеуеті туралы кодекс» деп атауға болады», - дейді сенатор.

Бұл ретте депутат бiлiм, ғылымды және инновация бiрiктiретiн заманауи кешен құрудың орынды болатынын алға тартып, олардың  басын қосатын кешенді зияткерлiк әлеуеті бойынша Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің, ғылыми-зерттеу институттарының, «Парасат» холдингінің  және т.б. негізінде құруға болатындығын айтты.

«Мұндай бiрiктiрудiң мақсаты биiк ғылыми нәтижелердiң табысына жету және білікті кадр даярлау үшiн, ең алдымен инженерлiк мамандықтар бойынша, ғылыми-білім беретiн қорларды, олардың тиiстi базасын шоғырлау. Бұл кешен - еліміздің дамуы үшін тың серпін болар еді. Бұл жалпыұлттық мүддемiз. Мұндай бiрiктiрулер шетел тәжiрибесi бойынша аса тиiмдi жұмыс iстеуде. Инновациялық кластерлер әлемдегі ең iрi оқу орындарының жүйесiнде, Оксфорд, Гарвард, Кембридж, Сорбонна және Калифорнияда жұмыс iстейдi. Мысалға, Оксфорд құрылымында шамамен 40 заңды тұлғалар бар», - дейді сенатор Х. Валиев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе