«Математика ханзадасы» мен «Математика ханшайымы» анықталды

АСТАНА. 3 сәШәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде өткен мектеп оқушылары арасындағы олимпиадада «Математика ханзадасы» мен «Математика ханшайымы» анықталды.Университеттің жоғары математика кафедрасының ұйымдастыруымен өткен білім додасына Семей қаласы және алыс-жақын аудандардың мектеп оқушылары қатысты. «Математикалық есептер патшалығы» атты олимпиаданың қорытындысы бойынша «Математика ханзадасы» мен «Математика ханшайымы» анықталды. Осынау мәртебеге оқ бойы озық шыққан Экономикалық лицейдің шәкірті Толғанай Мұратова және Семей қаласының №30 орта мектеп оқушысы Гурген Артутюнян ие болды. Ал Зайсан қаласының Қаратал орта мектебінің оқушысы Салтанат Болатбекова және №20 мектептің оқушысы Әлішер Молдаханов жүлделі бірінші орынға ие болды. Жарқын орта мектебінің оқушысы Айтолқын Рахымбаева, №32 мектеп оқушысы Еркежан Ыдырысова, Экономикалық лицейдің шәкірті Руслан Әлиханов және №6 мектеп оқушысы Балжан Әшкен екінші орынды олжаласа,  үшінші орын Курчатов қаласының №1 мектеп оқушысы Гүлжазира Құсайынова, №32 мектеп оқушысы Мәдина Мырзабаева, №5 мектеп оқушысы Шынар Талғатова, Қаратал орта мектебінің оқушысы Сая Зекенова, Бұлақ орта мектебінің 9-сынып оқушысы Ақерке Түсіпбаева және Экономикалық лицейдің шәкірті Абзал Тұрсынтаевқа бұйырды. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе