2015 жылы Назарбаев Университеті базасында медициналық мектеп ашылады

2015 жылы Назарбаев Университеті базасында медициналық мектеп ашылады. Бұл туралы бүгін ОКҚ ұйымдастырған брифингте «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Кеннет хабарлады.«Назарбаев Университетінің еншілес компаниясы болып табылатын холдингтің алдында 2015 жылы әлемдік стандарттар бойынша медициналық мектеп ашу тапсырмасы тұр. Онда білім беру толығымен ағылшын тілінде жүргізіледі», - деді Ә. Кеннет.

Оның айтуынша, сонымен қатар, медициналық холдинг базасында онкологиялық орталық ашу туралы жоспар да бар. «Бүгінде бас миының ісіктері, ортақ онкология және балаларға арналған бөлімшелер ашылған.

Сондай-ақ, онкохирургия бөлімдері де жабдықталып жатыр. Орталықтың болашағы үшін біз заманауи технологияларды бүгіннің өзінде қалыптастырып, жеке де, серіктестермен де жұмыс жасаудамыз», - деп атап өтті басқарма төрағасы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе