С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университет Webometrics рейтингінде 5202-інші орынға көтерілді

АСТАНА. 12 Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ресми сайты www.webometrics.info сайтында жарияланатын әлемдік ЖОО-лар рейтингінде 6 469-орыннан 5 202-орынға көтерілді.«Сайт көлемі» санатында 2011 жылдың шілде айында университет сайты (www.agun.kz) 5 297-орыннан көрінген болса, биыл 1 800-орынға көтерілді. Көрсеткіш өткен жылғыдан үш есеге жоғары.

ҚазАТУ сайты «Google Академия» санатында да үлкен жетістікке жетті. Мәселен, былтыр 7 229-орында болса, биыл 2 951-орынға көтеріліп, Қазақстан ЖОО-ларының арасында 3-орынды иеленіп отыр.  

Webometrics сайтының әлем бойынша пайдаланушыларының саны өте үлкен. Сайт жыл сайын 20 000-нан астам ЖОО-ға талдау жасайды. Яғни, ЖОО-лар сайттарында ғылыми еңбектер мен академиялық материалдардың электронды нұсқаларының қолжетімді болуын, интернет беттерінде жарық көрген басылымдардың саны мен сапасын бағалап, рейтингілерін анықтайды. Биыл Webometrics рейтингісіне дүниежүзі бойынша 20 369 ЖОО енді. Бірінші орыннан АҚШ-тың Гарвард университеті көрінсе, тізімді Судан елінің Ғылым және технология медициналық университеті тұйықтап тұр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе