V АЭФ аясында «ШАПАҒАТ - 2012» өнертабыс саласындағы жетістіктердің IX Республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады

АСТАНА. 23 V Астана экономикалық форум аясында «ШАПАҒАТ - 2012» өнертабыс саласындағы жетістіктердің IX Республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталады.ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 22-24 мамыр күндері өтетін V Астана экономикалық форум шеңберінде 23 мамыр күні (сағат 15.00-де) Тәуелсіздік сарайында «Экономикалық дамуда зияткерлік меншіктің рөлі» тақырыбында панельдік сессия өтеді. Сессия Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының атынан өтпек. Іс-шара ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті, «Ұлттық зияткерлік меншік институты».

Онда әділет министрі Берік Имашевтің және Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры - Фрэнсис Гарридің сөз сөйлеуі күтілуде. Сессия отырысы барысында келесідей тақырыптар көтеріледі: Инновациялық экономикадағы зияткерлік меншік: патенттер және өндіріс құпиялары; Инновациялық кіші және орта кәсіпорындар: кәсіпкерлер үшін шешім; Білім саласындағы зияткерлік меншік; Зияткерлік меншік саласындағы дауларды шешу; Тауар белгілерін және өзге жеке құралдарды қорғаудың өзекті мәселелері; Нарық қатысушыларын теріс пиғылды бәсекеден қорғау бойынша іс-тәжірибе.

Ал 24 мамыр күні (сағат 9.00-де) Гумилев атындағы ЕҰУ-де Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының   бас директоры Фрэнсис Гарри дәріс оқиды.  Ф.Гарридің университетке сапары барысында БЗМҰ-дың «Құрметті профессоры» ғылыми атағын салтанатты тағайындау  жүргізіледі. Әділет министрі Б.Имашев кіріспе сөз сөйледі. Іс-шараға әділет министрінің орынбасары З.Х.Баймолдина, Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитет төрағасы А.К.Естаев, барлық шетелдік қонақтар мен панельдік сессия қатысушылары қатысады.

Сондай-ақ, 24 мамыр күні (сағат 11.00-де) «Шабыт» шығармашылық сарайында «ШАПАҒАТ-2012» өнертабыс саласындағы жетістіктердің IX Республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтеді.

Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымының бас директоры Фрэнсис Гарри оларды БЗМҰ-дың «Үздік өнертапқыш» медальдарымен марапаттайтын болады. Марапатты табыстау үшін, сондай-ақ министрлік басшылығы, Мәжіліс депутаттары, сенаторлар мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері шақырылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе