Қазақстанда 8 деңгейлі ұлттық біліктілік жүйесі енгізіледі - Т. Дүйсенова

Қазақстанда 8 деңгейлі ұлттық біліктілік жүйесі енгізілетін болады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.Министрдің айтуынша, әлемнің барлық дамыған мемлекеттерінде ұлттық біліктілік жүйесі бар. Мәселен, дамыған елдерде сегіз біліктілік деңгейі енгізілген. Ең төменгі сатысы - орта мектептік білімі бар азаматтар болатын болса, одан кейінгі деңгейде: орта, орта мамандандырылған, бакалавриат, жоғары, магистратура, PhD санаттары болып бөлінеді. Осы біліктілік санаттарына қарап азаматтарға жұмыс орындары атқарылатын жұмыс көлемі мен еңбекақы деңгейін белгілейді.

«Ал қазіргі Қазақстанның қолданыстағы біліктілік жүйесі тек үш сатыдан тұрады, олар: орта, орта мамандандырылған, жоғары біліктілік. Қазір азаматтық қызметшілер бакалавриат, магистратура немесе PhD деңгейлерін иеленсе, олардың бұл деңгейіне қарамастан бірдей көлемде жұмыс та, еңбекақы да белгіленіп отыр. Осы кемшіліктің орнын толтыру үшін Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба бойынша біліктілік деңгейі қайта қарастырылып, дамыған мемлекеттердің деңгейіне сәйкестендіру көзделіп отыр», - дейді министр.

Еске сала кетейік, Сенат бүгін «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Еңбек дағдыларын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру жөніндегі жоба) ратификациялау туралы» ҚР Заңын қабылдаған болатын. Келісімнің мақсаты жұмыспен қамту мен нысаналы бенефициарлардың еңбек дағдылары саласындағы нәтижелерді жақсарту мен техникалық және кәсіптік білім берудің, оқытудың және жоғары білім беру бағдарламаларының өзектілігін арттыру болып табылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе