Екібастұзда балалар үйінің 65 тәрбиеленушісі білім салымдарының иесі атанды

Екібастұздағы «Үміт» балалар үйінде 7-ден 18 жасқа дейінгі 65 тәрбиеленуші мемлекеттік білім жинақтау салымдарының иегерлері атанды. Бастапқы салымдарға ақша «Бөбек» қайырымдылық қорының акциялары арқасында жиналды.Балалар үйінің әр тәрбиеленушісіне жарна жасына қарай 500 мыңнан 1,8 млн. теңгеге дейін қаржыны құрады, деп хабарлады білім басқвармасының маманы Балжан Әділжанова.

Жинақтау салымының арқасында «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі Неля Кадык Семейдегі медициналық колледжге түсті. Неля колледжде құштарлықпен оқып жүр, ол алғашқы семестрде бір ғана төрттік баға алды. Балалар үйінде Неля қазақ тілін толық меңгеріп алды, қазақ тілінен қалалық, облыстық, республикалық олимпиадаларда жеңімпаз болды. Каникул кезінде балалар үйінің тәрбиеленушілермен кездесуде Неля: «Мен мемлекетімізге, Президент Назарбаевқа, қамқорлығы мен жетім балаларға жасап жатқан ізгілікті істері үшін алғыс айтамын, менің сүйікті мамандық жөніндегі арманым орындалды. Маған өмірге жолдама берген адамдардың сенімін ақтауға тырысамын», - деп атап өтті.

«Қазақстандағы мемлекеттік білім жинақтау жүйесі (МБЖЖ) екі жылдан астам уақыт бойы ойдағыдай жүзеге асырылуда, бұл кез келген қазақстандықтың өз атына немесе баланың атына білімге жинақтау салымын ашуға мүмкіндік береді, болашақта оны кәсіби-техникалық немесе жоғары білімге төлеуге пайдалануға болады. МБЖЖ біздің балалар үшін - мамандық алудың, яғни жақсы жұмысқа орналасуының мүмкіндігі», - деді балалар үйінің директоры Нағима Әбдірахманова.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе