Жолдау ХХІ ғасырда жаңа Қазақстанды дамыту ісін жалғастыру міндетін мойнына алатын жас ұрпаққа арналған - «Болашақ» стипендианты

БЕЙЖІҢ. 18 Оқу үлгерімі жоғары студенттер мен білім алушыларды қолдаудың тиімді жүйесін құру, сондай-ақ олардың шәкіртақысын өсіру - өз уақытында қабылданған шешім, дейді президенттік «Болашақ» стипендиясының иегері, Шанхайдың Тунцзи университетінің студенті Олжас Сүлейменов.«Мен президенттік «Болашақ» стипендиясының иегерімін және онымды өте мақтан тұтамын. «Болашақ» стипендиясының тағайындалуы маған және басқа да көптеген қазақстандықтарға әлемнің айтулы оқу орындарында лайықты, заманауи жоғары білім алуға мүмкіндік берді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы Жолдауында сапалы ұлттық білім жүйесін құрудың маңыздылығы туралы баса айтып өтті. Ел болашағы білімді де білікті жас мамандардың даярлану деңгейіне тікелей байланысты болғандықтан, бұл аса өзекті», - деп түйеді ол.

Білім нәрімен сусындап жүрген жастың ойынша, Қазақстан экономикасын әртараптандыруға, «ақылды» әрі «жасыл» экономиканы құруға бағдар алуда. «Қазақстан-2050» стратегиясында және ҚР Президентінің осы жолғы Жолдауында Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуде пайдалану үшін технология мен жас мамандарды оқытуда трансферт жүргізу қажеттігі туралы айтылған.

«Жолдауда айтылған қағидаларды тек Үкімет қана емес, еліміздің әр азаматы орындауға талпынулары тиіс. Мен Елбасының бұл кезекті Жолдауы ең алдымен бізге - ХХІ ғасырда жаңа Қазақстанды дамыту ісін жалғастыру міндетін мойнына алатын жастарға арналған, деп санаймын», - дейді өскелең ұрпақ өкілі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе