Александр Винокуров Л.Гумилев атындағы ЕҰУ магистарнты атанды

АСТАНА. 26 Жақында ғана екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильин университетке түскен болатын, енді оның соңынан Александр Винокуров та білімге бас қосты.Бұл туралы» «Казахстанская правда» газеті хабарлап отыр.

Топтық жарыста ХХХ жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы Винокуров енді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты атанды. Оқу орнының ректоры Ерлан Сыдықовтың айтуынша, бұл қадам спортшының өзіне ғана пайдалы емес, университеттің беделіне де салмақ қосады.

«Даңқты олимпиадашы велосипедші Александр Винокуровтың еліміздің беделді жоғары оқу орнында оқуы болашақ талапкерлерге де жарқын үлгі болады. Атақты атлеттің Л.Гумилев атындағы ұлттық университетте оқуы жоғары оқу орнының дене шынықтыру кафедрасын дамытуды жаңа сатыға көтереді», - деді Е.Сыдықов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе