Ұлттық кеңес: Қала мен ауыл мектептері арасында 1,5 жыл алшақтық бар

– Білім берудегі алшақтықты азайту үшін шағын жинақталған ауыл мектептерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету керек. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп тілшісі. «Келесі бір маңызды міндет – қалалық және ауылдық мектептер арасындағы алшақтықты азайту. PISA мәліметтері бойынша қазір арадағы алшақтық 1,5 жылды құрайды. Барлық балалар тұрғылықты жеріне немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан сапалы білімге қол жеткізуі керек. Айта кету керек, қалалық және ауыл тұрғындары арасындағы білім алшақтығы үрдісі бірқатар мемлекетте бар», - деп атап өтті Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында. Президент бұл жағдайға байыпты, нақты көзбен қарау керектігін айтты. «Бұл мәселені драмаға салудың қажеті жоқ, жай ғана шаралар қабылдау қажет. Алшақтықты азайту үшін ауылдағы шағын жинақталған мектептерді білікті оқытушылар құрамымен қамтамасыз ету керек», - деді Қ. Тоқаев.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе