Шетелдерден діни білім алғысы келетін талапкерлер Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының рұқсатымен ғана шығуы мүмкін

АСТАНА. 24 Шетелдерден діни білім алғысы келетін талапкерлер Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының рұқсатымен ғана шығуы мүмкін.Мұндай ойды бүгін ҚР Бас Прокуратурасында 2013-2017 жылдар аралығындағы ҚР Діни экстремизммен және терроризммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылау барысында Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінің Бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы білдірді.

Оның айтуынша, бағдарламаны әзірлеу барысында мамандар дін өкілдерінің ақыл-кеңестеріне көп жүгінген. Соның арқасында әрбір дін қызметкері өзін алаңдатып жүрген мәселелерді айтуға мүмкіндік алды.

«Бағдарламаның басты мақсаты мектеп жасындағы, университеттегі жастардың санасын қалыптастыру, дәстүрлі дінді түсіндіру, сондай-ақ, олардың экстремизм мен терроризмге, түрлі жат ағымдарға қарсы ішкі иммунитетін қалыптастыру болып табылады», - деп атап өтті Қ. Жолдыбайұлы.

Оның айтуынша, шетелде жүрген студенттерді қатаң қадағалауға алу қажет. Олардың қайда оқып жүргені, қай университеттен білім алып жатқаны, кімдер жібергені әрдайым арнайы органдардың назарында болуы тиіс.

«Бағдарламаны жасау кезінде шетелден ілім-білім іздеушілер Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының рұқсатымен ғана шығу жағы қарастырылса екен деген ұсыныс айтқан едік», - деп атап өтті Қ. Жолдыбайұлы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе