ҚХР-дағы қазақстандық студенттер: Мемлекеттік рәміздер туған үйімізді еске салады (ФОТО)

Шет мемлекетте туған үйді еске салатын бірден-бір нышан ол мемлекеттік рәміздер болып табылады. Бұл тілшісіне ҚХР-да білім алып жатқан студенттердің атынан Қазақстан студенттері қауымдастығы Бейжіңдегі бөлімшесінің төрағасы Әшім Тұрсынкелдин айтты.«Біз үшін, шекараның ар жағында білім алып жатқан студенттер үшін бұл күннің маңызы зор болып табылады. Туған жерден жырақта жүргенде осы Мемлекеттік рәміздер біздің үйімізді еске салады. Өкінішке орай, көбі біздің осындай жетістікке қалай қол жеткізгенімізді, халқымыздың ерлігін әлі түсіне қойған жоқ. Мемлекеттік рәміздер жастарды патриоттыққа тәрбилеуде маңызды фактор болып табылады. Мемлекеттік рәміздер - халықтың бірлігінің көрінісі», - деді ол.

Ә. Тұрыскелдиннің айтуынша, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, мен Әнұран Қазақстандағы тұрақтылық пе ертеңге деген сенімділіктің белгісі іспеттес. «Мен Қазақстан азаматы екенімді мақтан тұтамын!» - деді студент.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе