ШҰҒЫЛ: С.Батырханованың ата-анасынан оқуға кеткен шығынды мемлекетке қайтару талап етілмейді - ҚР БҒМ

АСТАНА. 9 сә«Болашақ» бағдарламасы аясында білім алып жүріп, шетелде адам қолынан қаза тапқан Сағынай Батырханованың ата-анасынан оқуға кеткен шығынды мемлекетке қайтару талап етілмейді.Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директорының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлім етті.

«Сағынайдың өзі болмаса да артында қалған көзі ретінде ұлы Мануэль елге оралды. Білім және ғылым министрлігі тарапынан Сағынайдың әке-шешесінің Австралияда өткен сот процесіне барып қатысуына, жол қаражатына, тұрғылықты жерлеріне 2 млн. 380 теңге көлемінде қаржы бөлінді. Сонымен қатар Гриффит университеті олардың тамақтануына аптасына 1 мың доллардан ақша төлеп отырды», - деді ол.

Оның пайымынша, қыз балаларды 20 жасқа толғанға дейін шет елге жіберу қажет емес.

Естеріңізге сала кетейік, 1989 жылы туылған Қазақстан азаматшасы Сағынай Батырханова Гриффит университетінің бірінші курсында білім алатын. Күдікті - Батырханованың азаматтық некедегі тайландтық жұбайы полиция қолына түсіп, оны өлтіргендігін мойындады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе