Гонконгта «Болашақ» президенттік стипендиясының жаңа стратегиясы ұсынылды

БЕЙЖІҢ-ГОНКОНГ. 10 Гонконгта өткен 15-ші халықаралық білім беру көрмесінде ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясын дамытудың жаңа стратегиясы ұсынылды.Халықаралық білім беру көрмесіне әлемнің 30 елінен 150-ден астам алдыңғы қатарлы ЖОО, білім беру орталықтары және институттары қатысты, олардың арасында Азия-Тынық мұхиты аймағының алдыңғы қатарлы ЖОО-ларының рейтингісінде топ бастап тұрған Гонконг университеттері бар.

Көрме шеңберінде жаңа әдістерді және халықаралық білім беру ынтымақтастығын іздеу мәселелеріне арналған семинар өтті. Онда «Болашақ» стипендиясын дамытудың жаңа стратегиясы ұсынылды.

«Болашақ» стипендиясының 20 жылдығы шеңберінде ағымдағы жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі бүкіл әлемде қазақстандық білім беру жүйесін және ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясын дамытудың жаңа стратегиясын ұсынуға бағытталған әр түрлі іс-шаралар өткізуде. Н. Назарбаевтың «Болашақ» стипендиясы 20 жыл ішінде шетелде Қазақстанды танытатын «брэндке» айналды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе