Қызылордада демалыс бөлмесін жасап алған мектеп директорлары бар

Қызылорда облысында рұқсат етілген аумақтан артық көлемде кабинет жасақтап алған 52 мектеп директоры ендігі кезекте білім ордасының шағын бөлмелерін пайдаланатын болды. Олардың арасында демалыс бөлмелерін жасап алғаны да кездесті, деп тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Адалдық алаңы» жобасы аясында Сыр өңіріндегі 335 білім беру ұйымдарында арнайы тексеру шараларын жүргізді.

Мектеп директорлары өздерінің кабинеттерін ІТ технология, ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау курстары, өзге де үйірмелерге босатып берді. Нәтижесінде олардың пайдалануында болған артық алаңдар жойылды.

«Кейбір мектеп директоры кабинеттерін екінші қабатқа орналастырған. Алдағы уақытта олардың барлығы төменге түсіріледі. Бұл шаралар алдағы жазғы демалыс уақытында жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Қазіргі күндері 30-ға жуық мектеп директоры екінші-үшінші қабаттағы кабинетін бірінші қабаттағы бөлмелерге ауыстырып үлгерді», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Берікбол Байқожаев.

Аталмыш іс-шара облыстың барлық ауданы мен Қызылорда қаласында өткізілген. Бұл жұмыс өз жемісін беріп отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе