Астанада дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда

АСТАНА. 25 Астанада дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда. Елорда әкімдігінің мәліметінше, акция аясында 3 апта ішінде елордалық мектептердің 1138 оқушысы материалдық көмек алды.23 тамыздағы жағдай бойынша көмек көлемі 9,185 млн. теңгені құрады, оның ішінде 7,776 млн. теңгесі бюджеттік қаржы, 1,409 млн. теңгесі бюджеттен тыс.

Акция осымен бесінші жыл өткізіліп отыр. Шараның мақсаты оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға,  жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте мектепке балалардың келмеуінің алдын алу болып табылады.

Акция барысында 1-23 тамыз аралығында білім беру ұйымдары 783 оқытушының қатысуымен 16 183 пәтерді аралады.

Акция аясында қалалық әкімдік алдындағы алаңда 25 тамызда Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен мектеп жәрмеңкесі өтті.

Сонымен қоса, қайырымдылық акциялары өткізіліп, төмендетілген бағада мектеп формалары мен оқу құралдарын сату жоспарланып отыр.

Акция 30 қыркүйек күні аяқталады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе