Жыл сайын жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекке баулу тақырыптарын арқау еткен 20-30 кітап шығады - Д.Мыңбай

АСТАНА. 24   - Елімізде жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекке баулу сынды тақырыптар өзек болған 20-30 кітап жыл сайын шығарылады.Бұл туралы бүгін Ақордада ҚР Президентінің «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру жөніндегі республикалық кеңесте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай айтты.

«Министрлік Жазушылар одағымен бірлесе отырып, әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін жарыққа шығарудың жаңа қадамдарын құрастыруда. Ендігі  жерде еліміздің ақын, жазушыларына жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, еңбекке баулу, қазақстандық құндылықтарды қастерлеу және басқа да өзекті тақырыптар бойынша жазылатын жаңа шығармаларына арнайы тапсырыстар берілетін болады», - деді ол.

Министрдің пайымынша, бұл шешім арқылы еліміздің баспа саясатын алдын ала ұзақ мерзімге межелеуге, жылына 20-30 шамасындағы жаңа шығарманың оқырман қолына жетуіне жол ашылатын болады.

«Жоспарланған шараларды іске асыру арқылы біз зиялы қауымды ұлттық құндылықтарды насихаттау мен жаңа қазақстандық патриотизмді орнықтыру ісіне жұмылдыра түспекпіз», - деді Д.Мыңбай.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе