ШЫҰ жастары Шыңжаң университетінде болды

ҮРІМЖІ. 22 Бүгін ШЫҰ мүше елдердің жастар делегациясы Шыңжаң университетінің басшылығымен, студенттерімен кездесті.Университет қалашығын саяхаттаумен басталған кездесу жастарды кәсіпкерлікке баулу, жұмыспен қамту, этностардың ұлттық құндылықтарын сақтау, ШЫҰ мүше елдердің қарым-қатынасын нығайту турасындағы пікір алмасумен жалғасты. Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Қытай жастар ұйымының мүшелері тақырыпқа орай өз елдерінде жүргізіліп жатқан жастар саясатымен бөлісті.

Шыңжаң университеті - 1924 жылы құрылған ҚХР-дағы ең ірі оқу ордаларының бірі. Мұнда отыз мыңнан аса студент білім алуда. Университетте 1670 оқытушы-профессор бар. 75 мамандық бойынша кадрлар даярлайды. Шыңжаң университеті әлемнің аса ірі 134 жоғары оқу орнымен байланыс орнатқан. Бұл оқу орнында ШЫҰ мүше мемлекеттердің студент жастары да оқиды. Оның ішінде 150-ге жуық қазақ жастары бар.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе