Оқушылар президенттік тест тапсырды

АСТАНА. 7 Елорданың мектеп оқушылары салауатты өмір салтын қалай ұстанады, қала оқу орындарында дене шынықтыру сабағы қандай деңгейде өтетіні Президенттік тест көмегімен тексерілді, деп хабарлады Астана қаласының ресми сайты. Бұл акция Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Күніне арналған іс-шаралар аясында өткізілді.  6-30 қазан аралығында 5, 9 және 11 сынып оқушыларын «Президенттік тест - оқушылардың дене тәрбиесі дайындығының көрсеткіші» ұранымен тесті жарысы ұйымдастырылды.  Іс-шараны ұйымдастырушылар - «Шыңғыс» балалар және жасөспірімдер орталығы мен Астана қаласының  Білім басқармасы.   

Бірінші кезең өтіп, оған елорданың 30 мектебінен 180 оқушы қатысты. Күш-қуаты жағынан дайындықтарын оқушылар 9 дене жаттығуы бойынша көрсетті.

Айта кетерлігі, жастар үшін тест дайындығына  екі - Президенттік деңгей және ұлттық дайындық деңгейі енгізілді.   

Жеңімпаздарды марапаттау 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент  Күнін мерекелеу кезінде  «Астана Арена» стадионында өтеді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе