«Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясында Қаратал ауданына 21 маман келді - Алматы облысы

ТАЛДЫҚОРҒАН.  Қарашаның  13-і.  ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ -  «Дипломмен  ауылға»  бағдарламасының аясында Алматы  облысының Қаратал  ауданына  21 маман  келді, деп  хабарлады  облыс әкімінің  баспасөз қызметінен.

  «Нұр Отан»  партиясының    Алматы  облыстық партиялық бақылау  комитетінің  төрағасы Жомартқали Жексембинов пен аудан  басшылығы  бейсенбі күні   жас  мамандармен  кездесті.  Қаратал  ауданына  келгендердің      қатарында   Шығыс  Қазақстан   облысының  тұрғыны Алтынгүл  Айдаболова да   бар.   Ол   мамандығы  бойынша - акушер-гинеколог.  Қазір    Қызылжар  фельдшерлік-акушерлік  қосында  жұмысқа  тұрды.

 Ал жас маман  Самат  Орынбаев  аудандық   ауруханада   хирург болып    жұмыс істейді.  Аудандық әкімдік    оның  отбасына пәтер бөліп  отыр.  Мамандардың  жетіспеушілік   проблемасы   ауданда біртіндеп    шешіліп  келеді.    Ағымдағы жылы  «Жастар  тәжірибесі»  бағдарламасы  бойынша      түрлі кәсіптегі 117 маман осында  келді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе