Жомарт кәсіпкер 43 балаға лагерьге жолдама, 100 балаға мектепке құрал-жабдық алып берген

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы  «Қызылқұм» ЖШС бас директоры Әбжаппаров Нұргелді Әлиханұлының шешімімен мекеме есебінен әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына және 8-15 жас аралығындағы ұландарға Алматыдағы «Тау жанашар» тынығу лагеріне 43 балаға жолдама берілді.Бұл туралы аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мекеме өткен жылы да «Мектепке жол» акциясы кезінде 100 балаға оқушы портфелі және оқу құрал-жабдықтарын, жалпы 680 000 теңгенің бұйымдарын табыс еткен-ді.

Аталмыш мекеме биыл да жаңа оқу жылына дейін акцияға қомақты қаржы бөліп, талай балғынды қуантқалы отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе