СҚО-да жазасын өтеушілер аттестат алды

– Солтүстік Қазақстан облысындағы ЕС-164/6 және ЕС-164/3 мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар мектеп бітіріп, оларға негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттар табыс етілді, деп тілшісі.Солтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы ЕС-164/6 әйелдер колониясында мектепте еркіндікте жүріп орта білім ала алмаған әйелдер оқиды. «Заң бойынша сотталғандар орта білім алуға міндеттеледі. Жасы отыздан асқандармен білім алудың, сауат ашып, ой-өрісті кеңейту қажеттілігі туралы тәрбие жұмысы жүргізіледі. Кейбір әйелдер сотталғанға дейін оқығысы келмеген, кейбіріне өмірлік жағдайларға байланысты мұндай мүмкіндік болмады. Түсіндіру жұмыстары оң нәтиже береді. Білім алуға ұмтылу – оның өмірлік ұстанымдарының өзгеріп, дұрыс жолға бет алғанын білдіреді», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД ЕС-164/6 мекемесінің сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің жасақ бастығы Тана Қазжанова. Петропавлдағы ЕС-164/3 мекемесінде де жазасын өтеушілерге аттестат беру рәсімі өтті. «Коронавирусты инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында мектеп бітіруші жазасын өтеушілерге аттестат беру рәсімі барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра салтанатты жағдайда өткізілді. ЕС-164/6 мекемесінде 15 сотталушы мектепте оқиды. Олардың үшеуі – 9-сыныпты, төртеуі – 12-сыныпты бітіргендігі жөнінде аттестат алды. Ал ЕС-164/3 мекемесінде 10 адамға мектеп бітіргендігі жөнінде құжат берілді», - дейді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов. Сырттай-консультативтік пункттің оқытушылары жазасын өтеушілерге негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыс етті. Сондай-ақ, олар мектеп бітірушілерді құттықтап, туған-туысқандары мен жақындарына тезірек оралуын тіледі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе