Алматыда медициналық білім беру үлгісі туралы халықаралық конференция өтуде

АЛМАТЫ. 25 Бүгін Алматыда «ҚазҰМУ медициналық білім беру үлгісін жүзеге асыру тәжірибесі» деп аталатын 2 күндік халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференция басталды.Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі бұл шарасы университетке Болондық үрдістің қағидаларын сақтайтын медициналық білім берудің озық үлгісін енгізу болып табылады. 2010 жылдан бастап университеттердің Болондық хартиясының қол қоюшысы болып табылатын оқу орны былтыр бірінші конференцияны  медициналық білім беру философиясын өзгертуге арнаған болатын. Биыл онда мына жәйттарға басты назар аударылмақ:  ҚазҰМУ медициналық білімнің үлгісі: кредиттік-үлгілік оқу жүйесінің дамытуды жүзеге асыру мен мәселелері; ЖОО Болон үрдісі білім сапасының шарты ретінде; Оқу үрдісінде менеджментті жетілдіру ; Білім, ғылым мен тәжірибені ықпалдастыру, Дипломнан кейінгі деңгейде ҚазҰМУ медицина білімінің үлгісін жүзеге асыру болашағы; Медициналық ЖОО оқытушыларының біліктілігін жетілдіру және қалыптастыру мәселесі; ЖОО оқу үрдісінде қашықтықтан оқыту технологиясы.

 Бұл келелі мәселелерді талқылап, негізгі бағыттар бойынша ұсыныстар дайындау және шешім қабылдау үшін оған университеттің бақылау кеңесінің мүшесі, академик Т. Шарманов, ҚР БҒМ ЖОО және ЖОО-дан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары С.Исмағұлова, ҚР ДМ Медицина білімі мен ғылымы басқармасының бастығы А. Сыздықова  және  Қазақстан мен  Қырғызстан жоғары оқу орындарының  және басқа да мүдделі ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері қатысуда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе