Баянауыл ақындарының жыр жинағы жарыққа шықты

Баянауыл ауданында «Баян жыр» деп аталатын ақындар антологиясы оқырман қауымға жол тартты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.Баянауыл аудандық «Баянтау» газетінің тілшісі, аталмыш жаңа жинақтың құрастырушысы Еламан Хасенұлының сөзінше, кітапқа 45 жасқа дейінгі 21 ақынның өлеңдер топтамасы енген.

«Бұл кітап «Алаш» партиясының 100 жылдық мерейтойына және ел Егемендігінің 26 жылдығына арналып отыр. Содан кейінгі тағы бір мақсатымыз - Елбасымыз ұсынған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру. Құрастыруды осыдан алты ай бұрын қолға алған едік. Содан бері өңіріміздегі 40-тан аса ақынжанды азаматтар мен азаматшалардың өлең-жырларын жинаппыз. Бірақ, көркемдігі төмен шығармаларды жариялауға жүрексіндік, - дейді Еламан Хасенұлы.

Кітапқа қазіргі таңда Баян өңірінде тұратындардың ғана емес, осында туып қызмет бабы бойынша Алматы, Астана, Қарағанды, Павлодар қалаларында жүрген шайырларды да топтастырған екен. Өлеңдері таңдалып алынған 21 автордың қатарында Асығат Тұрғанбек, Жанаргүл Қадырова, Таңат Ахатов, Бағдат Дүйсенов, Аспанбек Шұғатаев сынды елге танылған ақындар бар. Ал, ең кішісі - 16 жасар Раушан Аманкелдіқызы.

Жыр жинақ аудан әкімдігінің қолдауымен және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің демеушілігімен шықты.Еламанның сөзінше, бұл Баянауыл ақындар антологиясы сериясымен жарыққа шыққан алғашқы жинақ. Болашақта Бұқар Жырау, Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұттардан бастап, қазіргі күні ел арасында жүрген танымал ақындардың қаламынан туған шығармаларының басын қосып, тағы бір үлкен әдеби жинақ құрастыруды жоспарлап отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе