Мектептегі оқу ісінің меңгерушісі бір түлекке 450 мың теңге берсе, ҰБТ-да жақсы көрсеткіш уәде еткен

ШЫМКЕНТ. 8 Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары түлектен 450 мың теңгеге Ұлттық Бірыңғай тестілеуден жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуін уәде етіп, аталған соманы алудан кейін ұсталды,деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметінен.

«4 маусымда А. азаматшаны алдау және сеніміне қиянат ету жолымен одан 450 мың теңге көлеміндегі ақшаны алу күдігімен Ордабасы ауданы орта мектебінің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі А.Қайранбек ұсталды», - деді департаменттің баспасөз хатшысы Әнел Мәтиева. Қаржы полициясы қызметкерлерінің күдігі расталды - ұсталғаннан кейін оқу ісі жөніндегі меңгерушінің қалтасынан арнайы құралмен белгіленген 450 мың теңге анықталды. «Бұл ақшаға оқу ісінің меңгерушісі А. азаматшаның ұлының ҰБТ-дан жақсы көрсеткіштерге қол жеткізуін уәде етті», - деп түсіндірді Ә.Мәтиева.

Ұсталған азаматқа қатысты «алаяқтыққа оқталу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Өйткені ҰБТ тапсыру кезінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу мәселесін шешу оның құзыретіне кірмейді», - деді баспасөз хатшысы.

7 маусым күні оқу ісінің меңгерушісі ешқайда кетпеу қолхатын толтырды. «Сот айыпталушының бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын, оның тұрақты мекен-жайының бар болғанын және жасаған қылмысының орташа ауырлығын ескере отырып, біздің оны «қамауға алу» жазасын беру ұсынысымызды қабылдамай, айыпталушыдан ешқайда кетпеу қолхатын алды», - деді Әнел Мәтиева.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе