ШҰҒЫЛ: ҰБТ-ның 3 күнінде ең жоғары көрсеткішке екі түлек қол жеткізді

АСТАНА. 4 Ұлттық бірыңғай тестілеудің үшкүндік нәтижесі бойынша 73 529 өтінім білдірген мектеп түлектерінің 69 978-і тестілеуге қатысты.Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, осы сынақтың 3 күнінде ережені бірнеше мәрте бұзған 54 түлек тестілеуден босатылды. Ең жоғары көрткішке 2 түлек қол жеткізді. Олардың бірі Астанадан, ал екіншісі Алматы қаласынан.

«ҰБТ-2012» аясындағы үш күннің нәтижесі бойынша 100 балдан жоғары көрсеткішке 6 421 түлек (9,2 пайызы) қол жеткізді.

Айта кетейік, ҰБТ 1-15 маусым аралығында арнайы жабдықталған 154 пунктте өтіп жатыр. 107 пункт аудан орталықтары мен қалалардағы мектеп ғимараттарында орналасқан, ал қалған 47-сі облыс орталықтары мен Астана және Алматыдағы жоғары оқу орындарының ғимараттарында жабдықталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе