Нобель сыйлығының лауреаты Р. Манделл Павлодар мемлекеттік университетінде дәріс оқиды

ПАВЛОДАР. 21 Бүгін Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1999) Роберт Манделл С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болады, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы.

 Ғалым әлемде қолайлы валюталық зона теориясын шығарушы ретінде танымал.

 Беделді наградаларға ие болған әлемдегі ең танымал экономист, мыңдаған мақалалар мен монографиялардың авторы 2 күн бойы жоғары оқу орнының магистранттары мен докторларына және профессорлық-оқытушылар құрамына дәріс оқиды.

  Сондай-ақ Нобель сыйлығының иегері  университеттің мұражай кешенін көрмек және Екібастұз қаласына баруды да көздеп отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе