Бүгін Астана мектептерінде сабақ болмайды

Үскірік аязға байланысты Астана мектептерінде 0-ден 12 ыныптарға дейін сабақ болмайды, деп қалалық ТЖД-не сілтеме жасап. 

 

 

Олардың хабарлауынша, Астанадан шығатын жолдардың бәрі жабық  Дегенмен Astana LRT  бүгін таңғы сағат  7-ден бастап №304, 306, 307 қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы қалпына келтірілгендігін мәлім етті.

 «Сонымен қатар № 301, 302, 303, 320 бағдарлардың қозғалысы жалғасуда. Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала маңына қатынайтын № 300, 305, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 315, 316, 317 бағдарлардың қозғалысы тоқтатылады. Сізден барынша сақ болып, үсіп қалмауларыңызды, өз сапарыңызды алдын ала ойластыруыңызды сұраймыз. Қозғалыстың қалпына келтірілгендігі жайында қосымша хабарлайтын боламыз. Астана қаласының қоғамдық көлігіне қатысты жаңалықтарды Астана LRT facebook, instagram парақшаларынан және www.alrt.kz сайтынан біле аласыздар», делінген хабарламада.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе