Ерейментау қаласында 200 орындық орта мектеп пайдалануға берілмек

Ерейментау қаласында 200 орындық орта мектептің құрылысы жүргізілуде.Бұл жолғы білім ордасының құрылысы Ерейментау қаласының Заготзерно шағын ауданында қолға алынған.   Ол үшін бюджеттен  364 миллион  994 мың теңге қаржы бөлінген.  Құрылыс жұмыстарын «АлАнСтройКом» ЖШС-і қолға алған.

Аудан басшыларының сөзіне қарағанда, қазіргі кезде аталған ғимараттың қабырғасы тұрғызылып, төбесі тас плиталармен жабылуда. Сонымен қатар, бірінші қабатта пластикалық терезелер орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Күн сайын  нысанға құрылыс материалдарын жеткізіп берудеміз. Алдағы желтоқсан айында білім ордасын пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - дейді аудан әкімі Ермек Нұғыманов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе