Румынияның экс-президенті С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрметті профессоры атанды

АСТАНА. 28 Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне Румынияның экс-президенті Эмиль Константинеску келді.Бұл туралы жоғары оқу орнының бас пасөз қызметі хабарлады.

«Бірінші Назарбаев оқулары: Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» халықаралық форумына арнайы шақырылған мәртебелі мейман сапар барысында С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамына және студенттеріне «Қазақстан және Румыния: білім және ғылым салаларындағы өзара ынтымақтастық және екі елдің арасындағы стратегиялық  әріптестікті  бекіту туралы» дәріс оқыды.

Румын елінен келген делегацияны «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ басқарма төрағасы, профессор  Ақылбек Күрішбаев қабылдап, Қазақстан мен Румыния арасындағы   ынтымақтастықты  дамыту  үдерісі  туралы өзекті мәселелер де сөз болды.

Қазақ еліндегі Румыниялық танымал ғалымдар тарапынан оқылатын дәрістерде  академиялық ұтқырлық, бірлескен білім беру бағдарламаларын жасау, магистранттар мен докторанттарды дайындаудағы әріптестік, бірлескен симпозиумдар, конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру,  ғылыми жобаларды іске асыру бойынша Румыниядағы аграрлық университеттермен ынтымақтасу туралы пікір алмасулар болды.

Жиын барысында Эмиль Константинеску «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрметті профессоры» атанды.

Румынияның бұрынғы басшысы Эмиль Константинескудың баяндамасының өзегі  үлкен екі құрылық, Батыс пен Шығысты жалғайтын ежелгі сауда көзі - Ұлы Жібек Жолын қайта қалпына келтірудегі Қазақстанның әлемдік аренадаға  алар орыны  туралы пікірі  қызғылықты деректермен айшықталуымен де құнды.

Эмиль Константинеску 1996-2000ж.ж. аралығында Румыния Президенті болған еді. 1999 жылы Қазақстанға келген ресми сапары  барысында Э.Константинеску Президент Н. Ә.Назарбаевтың екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытудағы ерекше еңбегін жоғары бағалап, «Румыния Жұлдызы» жоғарғы мемлекеттік орденімен марапаттаған  болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе