Қазақ тарихының өзекті мәселелері туралы 23 кітаптан тұратын 18 томдық жинақтың тұсаукесері өтеді

АЛМАТЫ. 18 Алматыда бүгін Шәкәрім атындағы Семей университетінің құрметті профессоры Болатбек Нәсеновтың қазақ тарихының өзекті мәселелеріне қатысты 23 кітаптан тұратын XVIII томдық еңбегінің тұсаукесері өтеді.Бұл шара  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих, археология және этнология факультетінің Е. Бекмаханов атындағы дәрісханасында болады. Экономика ғылымдардың кандидаты Б. Нәсеновтың бұл кітаптары 2002-2012 жылдар аралығында Алматы-Новосібір баспаларында жарық көрген болатын. Ондағы Қазақстан тарихына қатысты мәліметтердің бәрі ҚР Орталық мемлекеттік мұрағат қорларынан, Семей қаласының ҰҚК мен полиция мұрағаттарынан және  көршілес   Ресей елінің мұрағаттары мен  куәгерлердің деректеріне негізделген. Жинақтың  1-томы  «Абыралы - Сарыарқаның кіндігі» (2005 ж.), 2-томы  «Абыралы - қанды жылдар» (2006 ж.), 3-томы «Абыралы сұңқарлары» (2002 ж.), 4-томы «Абыралы саңлақтары», «Абыралы Тарландары» (2006 ж.), 5-томы «Қазақтың тарихы бай», «Қазақтың 200 жылғы тарихы» (2005ж.), 6-томы «Біз де Абыралыданбыз» (2005ж.), 7-томы «Халық жаулары», «Кең даланың күйреуі» (2005ж.), 8-томы  «Тәттімбет», «Мәди» (2005ж.), 9-томы  «Абыралы көтерілістері» (2005 ж.), 10-томы «Кенесары - дала маршалы» (2005ж.), 11-13 томдары  «Абылай хан» (2005, 2011жж.), 15-томы  «Қазақтардың тарихы. Хандар» (2012ж.), 16-18 томдары «Әбілқайыр хан» (2011ж.) деген кітаптардан тұрады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе