Қазақстандықтар аспирантураға ФАО-Венгрия стипендиясы бағдарламасымен түсе алады

ФАО-Венгрия стипендиясы бағдарламасының аясында ауылшаруашылық ғылымдары және олармен сабақтас пәндер бойынша аспирантурада білім алуға өтінімдер қабылдау ашылды.2008 жылдан бастап, Біріккен Ұлттардың Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы мен Венгрияның Ауыл шаруашылығы министрлігі бірегей мүмкіндікті ұсынып отыр. Оның арқасында магистратураны тәмамдаған 30-ға жуық түлек Венгрия университеттерінде білім алып, кәсіби біліктілігін арттыра алады.

2016-2017 академиялық жылы ағылшынтілді курстар келесі пәндер: ауылшаруашылық ғылымдары, ауылшаруашылық биотехнологиялары, бақшашылық, жануарлар үшін азық пен оның қауіпсіздігі бойынша даярлауды қарастырып отыр.

ФАО-ның Еуропа мен Орталық Азия үшін Аймақтық бөлімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бағдарламаны келесі елдер: Ауғанстан, Албания, Алжир, Ангола, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Босния мен Герцеговина, Буркина-Фасо, Чад, Мысыр, Эфиопия, Гамбия, Грузия, Гана, Иордания, Қазақстан, Кения, Косово, Қырғызстан, Лаос, Македония, Мадагаскар, Мали, Мьянма, Молдова, Моңғолия, Черногория, Намибия, Нигерия, Солтүстік Корея, Филиппин, Сербия, Сомали, Оңтүстік-Судан, Судан, Тәжікстан, Түркіменстан, Уганда, Украина, Өзбекстан, Вьетнам, Йемен өкілдері пайдалана алады.

Өтінімдерді 2016 жылдың 28 ақпанына дейін электрондық үлгіде ұсыну керек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе