Л.Гумилевтың еуразияшылдық идеясын Н. Назарбаев 1994 жылдан бері жүзеге асырып келеді - З. Қабылдинов

АСТАНА. 1 Ресей және басқа да елдерде Лев Гумилевтың туған күні енді ғана мерекелене бастаса, Қазақстанда 1994 жылдың 29 наурызында Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ идеясын жүзеге асыруды айтқан кезінен бері тойланып келеді десек, қателеспейміз.Бұл туралы бүгін РИА Новости Халықаралық баспасөз орталығы Л.Н. Гумилевтың 100 жылдығына орай ұйымдастырған «Еуразия одағының тарихи тамырлары» атты Мәскеу-Киев-Астана мультимедиялық бейнекөпірінде Еуразия ҒЗИ директоры, тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов айтты.

«Бұл идеяны іске асырудағы маңызды қадамдардың бірі - Елорда төрінде Лев Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін құру еді. Ал 1996 жылдан бері біздің елде жыл сайын халықаралық Еуразиялық форумдар ұйымдастырылып келеді. Биыл да 10-11 қазанда ұлы ғалымның 100 жылдығына орайластырылып, мерейтойлық форум өткізілгелі отыр», - деді З. Қабылдинов.

«Л.Гумилев Еуразияшылдық идеясын өмірге келтіріп қана қоймай, Еуразия құрлығындағы тарихы бір, тамыры бір халықтардың ерте ме, кеш пе, әйтеуір бірігетінін жақсы білді. Ол ойы қазірдің өзінде іске аса бастады деп айтуға болады. Қазақстан Президенті Н. Назарбаев көптен бері осы идеяны алға тартып келсе, енді міне, Ресей басшысы В. Путин де қабыл алды. Ол Еуразиялық одақтың 2015 жылы құралатындығы туралы айтты», - дейді Мәскеудегі Лев Гумилев орталығының директоры Павел Зарифуллин.

Сондай-ақ, бейнекөпірге Мәскеудегі «Этномир» жобасының жетекшісі Руслан Байрамов, Ресей стратегиялық зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері, Л.Гумилев орталығының сарапшысы Евгений Бахревский сынды ғалымдар қатысып, Л.Гумилев туралы өз ойларымен бөлісті.

Шара соңында Лев Гумилевтың өмірі мен ғылыми қызметіне арналған лекция оқылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе