Алматы облысында «Мектепке жол» акциясы басталды (ФОТО)

Алматы облысында республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысы Болат Тұрысбековтің айтуынша, акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.«Мектепке қажетті дүниелерді жинау үшін 5 арнайы пункт ашылды. Олар №4, 19 мектептерде, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде, сондай-ақ екі ауылдық округте орналасқан», - деді ол.

Баспасөз маслихатын ұйымдастырушылар былтырғы акция жетістіктерін де саралай өтті. Былтыр аз қамтылған жанұядан шыққан 2927 бала аталған шара аясында көмек алған болатын. Қайырымдылыққа жұмсалған қаржының жалпы көлемі 20 миллион теңгені құраған.

Биыл көмекке зәру балалардың тізімі жасалған.

Шара барысында ірі кәсіпорындар мен табысты бизнесмендер атына қолдау көрсету туралы хаттар жолданды. Білім бөлімі басшысының айтуынша, талдықорғандық кәсіпкерлер бірнеше жылдан бері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетіп келеді.

Акция аясында кәмелеттік жасқа толмағандар инспекциясы мен педагогтар сенім телефонын ашты (24-72-23, 24-51-76). Оған кез келген адам қоңырау шалып, балалардың мектепке бара алмай жатқанын хабарлай алады. Бұған қоса Талдықорған қаласының білім бөлімі құқық қорғау органдарымен бірге арнайы рейд жүргізбек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе