ЭКСПО көрмесінде қазақстандық ғалымдар озық жобаларын көрсетпек

2017 жылғы ЭКСПО көрмесінде қазақстандық ғалымдар дүниежүзілік алдыңғы қатарлы технологиялардан еш кем түспейтін әзірлемелерін көрсете алады. Бұл туралы бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық шеңберінде «Астана ЭСКПО-2017» ұлттық компаниясы мен «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ-пен және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында «Парасат» холдингінің басқарма төрағасы Әбдікәрім Зейнуллин айтты. «2017 жылғы ЭКСПО көрмесінде қазақстандық ғалымдар әлем жұртшылығын қандай да ғылыми жетістігімен таңқалдырады деп айту қиын. Дегенмен, біздің ешкімді де бей-жай қалдырмайтын, дүниежүзілік алдыңғы қатарлы технологиялардан еш кем түспейтін әзірлемелеріміз бар. Мәселен, Алматыдағы физика-технологиялық институт негізінде күн сәулесінен энергия алатын панельдерді әдеттегідей әйнектен емес, жұмсақ материалдардан жасау бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз», - деп атап өтті ол.Оның айтуынша, қазақстандық ғалымдар сонымен қатар, қуаты ұзаққа жететін аккумуляторлық батареяларды жасауды да қолға алған. «Өйткені біздің жер қойнауымызда әлем бойынша сирек кездесетін металдардың мол қоры бар. Ал қуаты көпке жететін «болашақтың» аккумуляторлары дәл осы сирек металдар негізінде жасалады. Егер біз шикізатты да өзімізден шығарып, өнімді де өзіміз өндірсек, бәсекелес орта қалыптасып, аккумуляторлардың бағасы да арзандай түседі», - дейді Ә. Зейнуллин. Айта кетейік, меморандумға қол қойған тараптар ЭКСПО көрмесін қазақстандық ғалымдардың зерттемелерімен қамтамасыз ету үшін күш біріктіруге ниетті. Соған сәйкес, «ЭКСПО-2017 шеңберінде Қазақстан Республикасының таза қуат көздерін әзірлеу туралы» 2013-2017 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша инновациялық ғылыми-техникалық жобаларды жүзеге асыру және халықаралық мамандандырылған көрмеде оларды таныстыру жоспарланып отыр. Меморандумға сәйкес, «Парасат» холдингі көрменің «Болашақ энергиясы» тақырыбына қатысты отандық ғалымдар әзірлеген жобаларды ұсынбақ. Көрме аяқталған соң «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы оған ұсынылған жобалар мен макеттердің технологияларын өндірісте қолдануға мүмкіндік алады. «Парасат» ҰҒТХ» АҚ басшысы хабарлағандай, қайта жаңартылатын энергетика туралы бағдарламаның ғылыми негізін күн энергетикасы, жел эенергетикасы, түрлі бағыттарды қамтитын энергетика түрлері, сутегі эенегетикасы, биоэнергетика, геотермалды су, шағын су энергетикасы және қуат үнемдеу сияқты бағыттар құрап отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе