Ақмола облысында ағымдағы жылы 26 балабақша пайдалануға берілмек

Ақмола облысында ағымдағы жылы 2730 бүлдіршінге арналған барлығы 26 балабақша пайдалануға берілмек. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен әкімдік кеңесінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Бауыржан Малғаждаров  мәлім етті.Оның айтуынша, жыл басынан бері өңірде Шортанды ауданында 20 орындық балалар бақшасы, Зеренді ауданында 20 орындық кішігірім бақша, Целиноград ауданында 75 орынға арналған 2 жекеменшік балалалар бақшасы пайдалануға берілген. Облыста 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтылуы 59 пайызды құрайды.

«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен қамтамасыз ету мәселесін жақсарту үшін ағымдағы жылы барлық жоспарлы мектепке дейінгі мекемелерді қолданысқа енгізу керек. Бұл 2730 орындық 6 балабақшасы», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол ағымдағы жылдың 4 айында барлық сала бойынша өсім динамикасы байқалатынын атап өтті.

Осы орайда, облысы әкімі Сергей Кулагиннің барлық жоспарлы іс-шаралардың уақытылы орындалуын талап етті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе