Нобель сыйлығының лауреаты К.Писсаридес қазақстандық студенттерге дәріс оқиды

АЛМАТЫ. 21 Бүгін Алматыдағы Қазақ ұлттық техникалық университетіне екікүндік сапармен Нобель сыйлығының экономика саласындағы лауреаты, профессоры Кристофер Антониу Писсаридес келді.Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің түлегі және экономика ғылымдарының докторы жоғары оқу орнының ректорымен, оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесуді жоспарлап отыр. Ол 22 мамыр күні  «Өзгеріс үстіндегі әлемде жұмыспен қамту» тақырыбымен дәріс оқымақ.

Кристофер Антониу Писсаридес пен оның әріптестері  Питер Даймонд пен Дэйл Мортенсенге Нобель сыйлығы 2010 жылы «нарықты іздеу модельдерімен зерттеулері үшін» берілді. ҚазҰТУ-дың оқытушылар мен студенттер қауымы, сондай-ақ 24 мамыр күні Кристофер Антониу,  Роберт Ауманн, Финн Кидланд, Джон Нэш, Эдвард Прескоттың қатысумен өтетін бейнеконференцияға қатыспақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе