Елордада жыл соңына дейін 4 балабақша тапсырылады

Қазіргі кезде Астанада 2 420 орындық 10 балабақша мен бір қосымша ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Соның ішінде, Алматы мен Ақмешіт көшелерінің қиылысындағы мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін әрқайсысы 240 орындық Айнакөл мен Мирзоян көшелерінің қиылысында және Нәжімеденов пен Мирзоян, Айнакөл мен Жұмабаев (200 орындық) көшелерінің қиылысындағы балабақшалар тапсырылады. Ал желтоқсан айында «Рябинка» балабақшасына қосымша 60 орындық ғимараттың құрылысы аяқталады. 

Астана қаласы Құрылыс басқармасының хабарлауынша, бірқатар себептерге байланысты қалған алты балабақша келер жылы іске қосылатын болады. Атап айтқанда, Түркістан-Орынбор-№25 және №26 көшелерінің қиылысында орналасқан балабақша инженерлік желілерді тарту орнының ауысуына орай (жобаны түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр) 2015 жылдың екінші тоқсанында ашылады. Түркістан, Керей, Жәнібек хандар мен Орынбор көшелерінің орамындағы, сонымен қатар, Сауран мен № 24 көшенің қиылысындағы балабақшалар мердігердің кінәсінен (құрылыс мерзімін сақтамау) 2015 жылы желтоқсан айында ғана өз жұмысын бастайды.  

Сығанақ көшесінің оңтүстігінде салынып жатқан екі мектепке дейінгі мекеме 2015 жылы маусымда тапсырылады. Бұған сыртқы инженерлік желілерге қосу орнын ауыстыру (жобаны түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр) себеп болып отыр. Келесі жылдың екінші тоқсанына қарай Көктал-2 тұрғын алабында балалар тәулік бойы болатын 240 орынға есептелген «Арнайы санаториялық мектепке дейінгі мекеме» нысанының құрылыс жұмыстары аяқталады. Нысанды мерзімінде тапсырып үлгермеген бас мердігермен келісім бұзылып, алдағы уақытта жаңа конкурс жарияланатын болады, деп хабарлайды  astana.kz.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе