Конгресс-холлда Астанадағы білім берудің «7 кереметін» көруге болады

АСТАНА. 27 Бүгін Астанадағы Конгресс-холл сарайында «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» атты педагогтардың 2012 жылғы тамыз кеңесі аясында астаналық мектептердің жетістіктеріне арналған көрме өтті.Көрмеде білім беру мекемелерінің инновациялық-ақпараттық технологияларымен танысып, сабақ берудің жаңа әдістемелері мен оқу-құралдарын, сондай-ақ оқушылардың колөнер бұйымдарын көруге болады. Ал «7 керемет» деп аталатын галлереяда Астана қаласының үздік оқушылары - химия пәнінен республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы Әзім Аманжолов, шахматтан Әлем және Азия турнирлерінің чемпионы Динара Сәдуақасова, «ART OLYMPIA» шығармашылық байқауының жеңімпазы Мәди Бижанов, «Жыл оқушысы - 2012» байқауының бас жүлде иегері Диас Қазбеков, каратэдан әлемнің екі дүркін чемпионы Әлішер Қабдуллаев, география пәнінен республикалық олимпиадалардың жүлдегері Санат Сейітов және «Астана таңдауы» конкурсының алғашқы жеңімпазы, №10 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Мәрия Шокубаевмен сұхбаттасуға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, ертең, тамыздың 28-і күні Конгресс-холл сарайында Қазақстан педагогтарының 2012 жылғы тамыз кеңесі өтеді. Іс-шараның биылғы тақырыбы  - «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты».
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе