Қазақстанда әскери қызметшілерді бағалаудың жаңа жүйесінің жобасы сынамадан өтуде (ФОТО)

ҚР Қарулы Күштерінде әскери қызметшілерді бағалаудың рейтингтік жүйесінің экспериментальді жобасы сынамадан өтуде. Бұған ҚР ҚК Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің 27943, 32363, 97617 және 55652 төрт әскери бөлімінің офицерлері таңдап алынды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  Осы жүйе бойынша әскери қызметшін 40 критерий бойынша сыналады, лауазымына қарамастан барлық офицерлерді бағалау үшін 35 сұрақ белгіленді және үш тарауға бөлінді: жалпы мінез-құлқы, кәсіби дайындығы, ерекше қасиеттері. Қалған 5 сұрақ командалық және штабтық лауазымдар бойынша офицерлерді бөлек бағалауды қамтиды.

  Аталған қағидат мектепте тест тапсыруды еске салады. Бұл ретте сұрақтарға тестілеуден өтетін адам емес оның тікелей командирі жауап береді. Барлық деректер өңделеді және автоматты режімде есептелінеді. Себебі, жауаптар парағы сканерленіп, автоматтандырылған жүйемен танылады. Одан кейін компьютер 100 балдық жүйе бойынша қорытынды баға шығарады. Мұндай рейтингтік тетіктерді қолдану ҚР ҚК туралы нақты және анағұрлым дәйекті мәлімет алуға, сонымен қатар жеке құрамның кәсіби тұрғыда өсуін ынталандырады. Алайда, экспериментке қатысқан әрбір офицерді бағалаудың нәтижелері алынып, зерделенбейінше жаңа жүйенің тиімділігі туралы айту әлі ерте.

Айта кетейік, мұндай жүйе Түркия мен АҚШ Қарулы Күштерінде сәтті қолданылып жүр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе