ЕҰУ мен Финляндияның Оулу университеті бірлескен академиялық бағдарламалар әзірлеу саласында меморандумға қол койды

Өткен аптада ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Сансызбай Жолдасбаев пен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов басқарған қазақстандық делегациясының Финляндияға үш күндік сапары аяқталды. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хбарлады.

Қазақстандық делегацияны Финляндияның Парламентінде жылы жүзбен қарсы алды. Парламент Төрағасы Эеро Хейнялуома 2014 жылы Астанаға сапары барысында өткен мазмұнды сұхбаттарға назар аудара отырып, Қазақстанмен білім саласындағы ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Фин тарапының пікірінше, білім беру саласындағы ынтымақтастық жаңа сапалы сипатқа ие болды: студенттер мен ғылыми-педагогикалық кадрлармен алмасу бойынша бірінші қадамдардан бүгінгі күні Қазақстан мен Финляндия бірлескен білім беру бағдарламаларды іске асыру кезеңіне шықты. Э. Хейнялуома Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Құрметті профессоры болып табылатынын атап өту керек.

Білім министрлігінде қазақстандық қонақтар үшін мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды. Оның барысында инновация және білім берудің қазақстандық-фин тобымен жүзеге асырылып отырған жобалармен танысты. Финляндияның білім беру мекемелерінің өкілдері еліміздің индустрияландыру қажеттілігі, соның ішінде құрылыс үшін қазақстандық мамандарды дайындауда қатысуға қызығушылық танытты.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Инновациялық Паркі шеңберінде өткізіліп отырған жұмысты ескере отырып ғылыми өңдеулерді коммерциялау бойынша ТЕКЕС агенттігінің атқарымдары тәжірибелік қызығушылық көрсетті. 

Қазақстандық делегацияның көптеген кездесулері Астананың туыстас қаласы - ең атақты финдік «смарт-сити» Оулу қаласында жалғастырылды. Сапардың маңызды нәтижесі бірлескен академиялық бағдарламалары әзірлеу саласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Оулу Университеті арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол коюы болды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе