Астанада отандық ғалымдар шетелдік әріптестерімен бірге ветеринария саласындағы проблемаларды талқыламақ

АСТАНА. 10 сәАстанада отандық ғалымдар мен мамандар бас қосып, шетелдік әріптестерімен бірге ветеринария саласындағы проблемаларды талқыламақ.Диалог алаңы - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өтетін «Қазақстан Республикасындағы ветеринарияның қазіргі жағдайы мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция болады.

2012 жылдың 20-сыншы және 21-інші сәуіріне жоспарланған халықаралық конференция Қазақстанда аталмыш саланың дамуына сүбелі үлес қосқан ветеринария  ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Қадыровтың туғанына 95 жыл толуына арналып отыр. Іс-шара шеңберінде университетте Н.Т.Қадыровтың мұражайын ашу көзделуде.

Конференция жұмысына алыс және жақын шет елдерден келген қонақтар, сонымен қатар Қазақстанның барлық өңіріндегі жоғары оқу орындарының және ғылыми-зерттеу орталықтарының қызметкерлері, ізденушілер мен магистранттар қатысады. Одан бөлек Ресей ауыл шаруашылық академиясының Сібір бөлімшесі МҰБ төрағасы, Ресей Федерациясы ғылымына еңбегі сіңген қызметкер академик, в.ғ.д., профессор А.С.Донченко, «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «ҚазҒЗВИ» ЖШС-ның бас директоры, в.ғ.д., профессор А.А.Сұлтанов, Германияның  Ю.Либих атындағы Гиссен университетінің паразитология институтының академиялық директоры в.ғ.д. Кристиан Бауэр, осы университеттегі жылқы аурулары бойынша клиника меңгерушісі в.ғ.д., профессор Лутц Литцке, ҚР АШМ Ғылым комитеті «Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ҒЗИ» РМК-ның бас директоры в.ғ.д., профессор А.Р.Сансызбай т.б. бар.

Конференция үш бағыт бойынша өтеді - «Жануарлардың жұқпалы ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алудың инновациялық әдістері», «Жұқпалы емес этиологиядағы ауруларды диагностикалау, емдеу мен алдын алудың қазіргі заманғы басты бағыттары» және «Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу технологиясы».
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе